-A A +A

Құрметті төраға, Қоғамдық кеңестің мүшелері және әріптестер!

Бүгінде қоғамдық бақылау рөлінің күшеюімен Қоғамдық кеңес әділет органдары қызметінің көптеген бағыттарында саясатты қалыптастыруға толық құқықты қатысушы бола алады. Біз Қоғамдық кеңес мүшелерінің тәжірибесі мен білімі Министрліктің қызметінің негізгі мәселелерін шешуде үнемді және тиімді пайдаланылатынына сенім білдіреміз.

Біздің жұмыс туралы сіздер естіп қана қоймай, ведомствоның алдына қойылған міндеттерді іске асыруға қатысудасыздар.

Қоғамдық кеңестің бірқатар мүшелері Министрліктің қорытынды алқа отырыстарына үнемі қатысады, өздерінің пікірлерін айтады және Министрліктің жұмысында ескерілетін ұсынымдарды береді.

Заң жобалау жұмысы Үкіметтің және, тиісінше, осы жұмысты үйлестіруді жүзеге асыратын орган ретінде Әділет министрлігі қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылатыны белгілі.

Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды іске асыруда Үкіметтің 58 заңды қабылдағаны бәрімізге белгілі.

Барлық заң жобалары Әділет министрлігі жұмыс органы болып табылатын заң жобалау қызметі мәселелері жөнідегі ВАК отырыстарында қаралды.

Ағымдағы жылғы 6 қаңтардағы «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында Ел Президенті Парламенттің және Үкіметтің үйлесімді шараларының нәтижесінде 2015 жылы Бес институционалдық стартты заңнамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бойынша ауқымды көлемде жұмыс жүргізілгенін атап өтумен ұлттық заңнаманы өзгерту бойынша жүргізілген жұмысқа жоғары баға берді. Бұл мемлекеттік биліктің өкілдік және атқарушылық тармақтарының өзара қарым-қатынас жасау жүйесінің жоғары тиімділігінің куәсі.

Өткен жылы Министрлік 26 заң жобасын әзірлеу көзделген Үкіметтің 2016 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары жоспары, сондай-ақ 16 іс-шара қамтылған ағымдағы жылға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жоспарын әзірледі.

Үкіметтің заң жобалау қызметін жоспарлаудан және үйлестіруден басқа Әділет министрлігі 11 заң жобасын әзірледі, оның ішінде 5 заң жобасы 2015 жылы әзірленді (1) «Төрелік туралы»; 2) оған ілеспе заң жобасы; 3) Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы; 4) «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне өзгерістер енгізу туралы және 5) Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы).

Жұмыстың айтулы жәнеауқымды нәтижелерінің қатарына Мемлекет басшысы қол қойған Кәсіпкерлік кодекстің және оған ілеспе заң жобасының әзірленуін жатқызуға болады, ол кәсіпкерлікке құқықтық көмекті және қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба бойынша көптеген нормативтік құқытық актілерді кодификациялау және жүйелендіру бойынша тыңғылықты және ауқымды жұмыс жүргізілді, нәтижесінде Кодексте кәсіпкерлік қызмет үшін маңызы бар мәселелердің ауқымды бөлігі реттелді. Онда осы саланы реттейтін заңнаманың нақты барлық салаларының нормалары, соның ішінде мемлекет пен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік реттеудің және олардың құқықтарын қорғаудың нысандары мен тәсілдері шоғырланды.Бизнесті оңалтудың және банкроттықтың жаңғыртылған құқықтық аспектілері көрініс тапты. Бизнесті қорғау және кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсетудің орталық механизмі болатын омбудсмен-бизнес институтының заңнамалық негізі салынды.

Күрделі жұмыс жүргізілен маңызды құжаттар қатарында ағымдағы жылғы сәуірде Мемлекет басшысы қол қойған «Құқықтық актілер туралы» Заңды атап айтуға болады, оның аясында заң жобалау жұмыстарын жетілдіруге бағытталған бірқатар механизмдер көзделген.

Одан кем емес Мемлекет басшысының және Үкіметтің актілер жобаларына заң сараптама жүргізу қызметі бағытында үлкен жұмыс жасалды. Тек 2015 жылы 1 823 құжат түсті, оның ішінде: 1 568 – Үкімет қаулысының жобасы, 161 – Президент жарғысының жобасы, 94 – Премьер-Министрдің өкімінің жобасы. Сонымен қатар, жалпы өткен жылы келісуге түскен жобалардың саны азайғаны байқалды.

Бұл жүргізілген әкімшілік реформамен реформамен байланысты, оның нәтижесі бойынша міндеттердің жартысы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға берілді, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты оңтайландырудың арқасында осы деңгейдегі НҚА жобаларын әзірлейтін меморгандардың саны қысқартылды.

Осы реформа Министрлікті де қатысты болды. Біздің бастамамыз бойынша бізде болған 3 комитет ӘМ орталық аппаратының құрылымдылық бөлімшелері болып қысқартылды.

Сонымен қатар:

- сот актілерін орындау бойынша аумақтық департаменттер әділет департаменттеріне қосылу арқылы қайта құрылды (2014 ж 23.09 №1009 ҚРҮҚ);

- 16 облыстарының, Астана және Алматы қалаларының «Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» РМКК қосылу және өзгеру арқылы бір шаруашылық жүргiзу құқығына негізделген «Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» РМКК қайта құрылды.

Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру саласында Әділет министрлігінің азаматтық хал актілерін тіркеу және туу туралы куәлікті беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру бөлігіндегі функциялары 269 бірлікпен және қызметтің осы саласы бойынша 318,3 млн. теңге аумақтық әділет органдарының бюджетімен жергілікті атқарушы органдарға берілді.

Жалпы Министрліктің құрылымын оңтайландыру қайта ұйымдастыру барысында бюджет шығысы 60%-ға яғни 2 млрд.964 млн.теңгеге қысқартылды,соның ішінде комитеттердің 3 төрағасының және 7 комиетет төрғасы орынбасарларының лауазымдары, сот актілерін орындау жөніндегі департаменттердің 16 басшысының лауазымдары, Облыстардың, Астана және Алматы ққ, жылжымайтын мүлік орталықтарының 16 директорларының лауазымдары, яғни басшылық құрамның шамамен үштен екісі таратылды.

Осы шараның моральді-психологиялық жағынан қиындығына қарамастан, біз бұған қызметті жетілдіру жәнеМемлекет басшысының бюджеттік шығыстарды қысқарту жөнінде қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін бардық, сондықтан бұл әділет органдарының материалдық-техникалық ұсталуының, сол ғимараттардың, техпресоналдың, автокөліктің және басқа да шығындардың да азаюына әкелді.

Осы шаралардың барлығы, мен айтқандай, бюджет қаражатын қысқартуға мүмкіндік берді, ол қазіргі кезеңде жүргізіліп отырған түрленулердің басты талаптарының бірі болып табылады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес НҚА барлық жобалары Интернет-ресурстарда орналастырылады, және әзірлеуші орган үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтық қоғамның басқа институттарының ұсыныстарынан бас тартуды жариялы түрде негіздейді.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын НҚА жобалары бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестігі сараптамалық қорытынды ұсынады. Ұлттық кәсіпкерелер палатасының қызметінің жандануына байланысты кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын НҚА бірде-біреуі оның және аккредиттелген ұйымдардың назарынсыз қалмайды.

Жүйелі мониторинг барысында орын алған олқылықтар, ескірген, сыбайлас жемқорлық тудыратын және тиімсіз нормалар анықталады және жойылады.

Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы Қазақстан халқына Жолдауындағы біздің азаматтардың шетелдерде құқықтық, олардың жеке, отбасылық, іскерлік мүдделерінің қорғалуын жетілдіру және қамтамасыз ету туралы тапсырмасын іске асыруда Министрлік тиісті көпжақты конвенцияларға қосылу жөнінде бірқатар шаралар қабылдады.

Атап айтқанда, қызметі халықаралық жеке құқық және халықаралық азаматтық процесс нормаларын біріздендіруге бағытталған халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конференциясына кіру мәселесі пысықталды.

Ұйымның ерекшеліктерінің бірі Гаага конференциясы әзірлеген және қабылдаған конвенциялардың үштен бірі шетелдік элементпен отбасы қатынастарын реттейтін құжаттар.

Гаага конференциясының қатысушылары 79 мемлекет және Еуропалық одақ, соның ішінде ЭЫДҰ ең дамыған 30 елдері болып табылады.

Қазақстанның Гаага конференциясына мүшелігінің негізгі ерекшелігі сөзсіз географиялық қамту және азаматтарға жалпы, бірегей тәртіппен құқықтық көмек көрсету мүмкіндігі болады.

Сондай-ақ Гаага конференциясына мүшелік Қазақстанның құқықтық жүйесін, әлемдік стандарттарды, қазақстандық азаматтардың шетелде құқықтары мен мүдделерінің қорғалу тиімділігін арттаруды ескере отырып, одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Қазақстанның 30 дамыған елдердің қатарына кіру және Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексніің рейтингінде «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» көрсеткіші бойынша Қазақстанның ұстанымын жақсарту мақсатында құқы иелерімен өзара іс-қимыл күшейтілді.

Соңғы төрт жылда (2012-2015ж.ж.) өнеркәсіптік меншік объектілеріне берілген қорғау құжатаррының саны 40 %-ға артқан. Соның ішінде басым үлеске тауар белгілері ие (82,7%). Бұл ретте оларға өтінімнің басым бөлігі шетелдік өтініш берушілерден ( 2015 жылы 8253 немесе 69,3% жалпы санынан – 11910) түскен, бұл қазақстандық нарықтың тартымдылығын куәландырады.

Авторлық құқық саласында да құқықтарды тіркеуге өтінімдердің ұдайы өскендігі (2014 ж.-2328, 2015 ж.-2484, +6%) соның ішінде жиналған сыйақының жартысынан астамы (68%) қазақстандық авторлар аударған (569 млн.теңге).

Ақырғы жылдары авторларға төленген сыйақылардың соммасы 2-3 есе көбейді (2011 ж. 599млн./267млн., 2014 ж -1млрд.236млн./841млн.) оның ішінде жиналған сыйақының жартысынан көбі (68%)казақстандық авторларға жолданған (569 млн.теңге).

Мемлекет басшысы мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттырудың маңыздылығы мен қажеттілігін бірнеше рет атап өткен.

Әділет министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің басым көпшілігі жылжымайтын мүлікке құқақтарды тіркеу саласына жатады (9 314 644, 2014 ж. – 9 622 875).

Заңнамаға енгізілген өзгерістердің нәтижесінде өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап қағаз құжаттарды ұсынуды алып тастау және электрондық форматқа көшіру арқылы коммерциялық құрылымдарды құру рәсімі оңтайландырылды. Бұл дегеніңіз заңды тұлғаны 1 сағат ішінде тіркеуге мүмкіндік береді.

Ұлттық жоспар шеңберінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды, оған ішкі істер және қаржы министрліктерінен кейінгі үшінші орында тұрған ірі қызмет беруші ретінде Министрлік оның әзірленуіне белсенді қатысты.

Бұл Заңның негізгі мақсаты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекетік корпорациясы құрылған «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет ұсынуға байланысты қатынастарды реттейтін нормаларды заңнамалық бекіту болып табылады. Жаңа құрылым мемлекеттік қызметтерді ұсынудың шынайылығын қамтамасыз етуге, қажеті жоқ әкімшілік кедергілері және сұратылатын құжаттарды қысқартуға бағытталған, соның нәтижесінде мемкорпорация жоғары деңгейде жүргізіледі деп күтілуде.

Атқарушылық іс жүргізу саласы бойынша біздің елімізде көптеген реформалар, ведомстволық қайта бағынулар жүргізілді және соңғы жылдары тағы да күрделі жаңартулар болды. Оның оптимальдық моделін белгіленгенге дейін көптеген елдердің осы саладағы сот ісі саласын зерделеуге тура келді, оның ішінде сол елдерге бару, тікелей танысу, атақты мамандарды шақру, әртүрлі деңгейдегі халықаралық, ғылыми-практикалық конференциялар барысында алынған материалдарды қолда бар мүмкіндіктермен және тәжірибемен салыстырдық, содан кейін осы жобаға сенімсіздікпен қарағандарға қарсы тұра біліп, бірқатар заңнамалық және ұйымдастыру шараларын ұйымдастырдық. Ия біз қателеспедік. Осы уақытқа дейін бұл мәселе бойынша сенбейтіндер бола тұра, біз енгізген жеке сот орындаушылары институты азаматардың құқықтарын қорғау жүйесінеатқарушылық іс жүргізуге қойылған мақсаттардың орындалуын қамтамасыз етіп нық енді деп айтуға болады. Мемлекет Басшысының бастамасымен құрылған жеке сот орындаушысы институты, оның дамуы заңның басымдылығын қамтамасыз ету саласындағы институционалдық реформаларды іске асырудағы іс-шаралардың бірі болып белгіленді және «100 нақты қадам» ұлттық жоспарында көзделген.

Биылғы жылдан бастап атқарушылық құжаттардың барлық дерлік санаттары оларға ауысады. Мемлекеттік сот орындаушыларында тек мемлекеттің мүддесіне қатысты жүргізілетін, үйден шығару, үйге енгізу, үйді бұзу, жер учаскелерін алып қою және 1000 АЕК сомасынан жоғары сомаларды мемлекеттің пайдасына өндіріп алу қалады. Сонымен қатар мемлекеттік сектордың штатын 
3 жыл ішінде 75 % қысқарту жоспарлануда 
(1245 ден 310 дейін).

Министрліктің жалпы жұмысын бағалай келе, 
2015 жылға арналған Стратегиялық жоспардың мақсаттары мен міндеттері орындалуының пайызы 
2015 жылы 90,8% құрады, 4 нысаналы индикаторды және 
1 тiкелей нәтижелер көрсеткiшiн санамағанда барлық қойылған мақсаттар мен міндеттерорындалды.

Бұл ретте, Стратегиялық жоспардың 7 мақсатты индикаторлары Әділетмині негізгі жауапты орындаушы болып табылатын Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (ДЭФ БЖИ) және «Doing Business» Дүниежүзілік банкінің халықаралық рейтингтерінде Қазақстанның ұстанымын көтеруге тікелей байланысты екенін атап өткен жөн.

Дүниежүзілік Банктің «2016 жылы бизнесті жүргізу» баяндамасына сәйкес Қазақстан 2014-2015 жылдар кезеңінде бизнесті жүргізу көрсеткіштері бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізген ондаған елдердің қатарына енген болатын.

2014-2015 жылдар кезеңінде жүргізілген реформалардың қорытындылары бойынша Қазақстан «Бизнесті оңай жүргізу» рейтингісі бойынша 41 ұстанымға көтерілді.

Бұл ретте, Әділетминге бекітілген индикаторлар бойынша(кәсіпорындарды тіркеу – 21 орын; меншікті тіркеу – 19 орын; келісім-шартты орындау – 9 орын), жинақтап алғанда 45 ұстанымға қол жеткізілді, ол жалпы рейтингте Қазақстан Республикасының көрсеткіштерін 41%-ға жақсартты.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі әкімшілік кедергілерді жою жұмысын жалғастыру және «Кәсіпорындар ашу» және «Меншікті тіркеу» индикаторлары бойынша «Doing Bussines» Дүниежүзілік Банкі халықаралық рейтингісінде Қазақстанның ұстанымдарын жақсарту шеңберінде мен айтып өткендей, коммерциялық ұйымдарды құру рәсімі барынша оңтайландырылды және 1 сағатқа дейін қысқартылды. «Келісім-шарттарды орындау» индикаторы бойынша 19-тармақтан көтеріліп, Қазақстан 2015 жылы 9 орынды алды.

Осылайша, 2011 жылдан бастап көптеген индикаторлар бойынша кестенің ортасына дейін көтеріліп, БЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индесі рейтінгісінде біз анағұрлым алға жылжыдық.

Мен Министрлік жүргізіп отырған барлық жұмыстарға нақты тоқталып өткен болар едім, алайда біздің кездесуімізі басқаша форматта болғанын қалаймын, өйткені ол менімше әлдеқайда тиімді болады деп ойлаймын.

Осыған дейін айтып өткендей, біз кезең-кезеңмен қорытынды алқалар өткізіп отырамыз, онда атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп отырамын. Сіздердің кейбіреулеріңіз біздің қызметіміздің нәтижелері бойынша жеткілікті хабардарсыздар.

Бұдан басқа, күнделікті қызмет барысында мемлекеттік басқару және үкіметтік емес бақылаудың барлық деңгейлерінде түрлі мәселелер бойынша мені тыңдайды. Барлық ұстанымдар бойынша егжей-тегжейлі есеп беру маған қиын емес. Алайда, біздің басқару кадрларын дайындауды жетілдіру тәртібінде орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелердің басшыларын тыңдауды ұсынамын, олардың көпшілігі тапсырылған учаскелеріне басшылықты енді ғана бастағандар. Бұл оларға пайдалы болады деп ойлаймын. Сіздер де жоғары деңгейдегі болашақ басқарушылардың деңгейін тексеріп бағалай аласыздар. Бұл да ведомство қызметінің бір көрсеткіші.

Министрліктің кейбір басшылары: Министрдің орынбасарлары Азимова Эльвира Әбілқасымқызы, Ешмағамбетов Жанат Болатұлы, жауапты хатшы Айтмұхаметов Данияр Айтмұхаметұлы осы аппаратта және аумақтық әділет органдарында өскені құпия емес және олар қазіргі кезде өз қызметтерін сәтті атқарып келеді.

Егер қарсылар болмаса, Оңалсын Исламұлы салалық департаменттердің директорлары өз бағыттары бойынша жүргізілген жұмыстар бойынша қорытындымен сөз сөйлеуге дайын. Сосын мен және олар Қоғамдық кеңестің барлық мәселелері бойынша сұрақтарына жауап береміз.

Назарларыңызға рахмет!