-A A +A

Құрметті қазақстандықтар!

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің атынан сіздерді атаулы мемлекеттік мереке - Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!
Бұл күн қазақстан халқының Ұлт көшбасшысы-Елбасын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдайтын бірлігі мен ынтымақтастығының символы болып табылады.
Бүгінде қазақстандық қоғам стратегиялық мақсатқа – әлемдегі экономикасы дамыған 30 елдің қатарына кіруге сенімді қадам басуда.
Саясатта, экономикада, әлеуметтік, мәдени саланың даму қарқыны бұрын қабылданған заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге түрлі өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді. Ел экономикасы мен қоғамның барлық саласында ұлттық заңнама жетілдірілуде. Тұңғыш Мемлекет басшысының жетекшілігімен жүргізіліп отырған барлық заңнамалық реформалардың басты мақсаты барша қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту.
Құрметті отандастар! Атаулы мереке қарсаңында Сіздерге, туған-туыстарыңызға мықты денсаулық, бақыт, береке тілеймін!
 
Ізгі ниетпен,
Әділет министрі Марат Бекетаев