-A A +A

Құқық иеленушімен кездесу

2017 жылғы 2 тамызда Астана қаласы Министрліктер үйі ғимаратында Әділет министрінің орынбасары Э.Әзімова «Louis Vuitton» Зияткерлік меншік Департаменттің контрафакт басқармасының басшысы Paolo Balistrieri-мен кездесуі өтті. Сондай-ақ, кездесуге Зияткерлік меншік құқық департаменті, Ұлттық зияткерлік меншік институты және Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тауар таңбасы құқықтарының бұзылуы туралы халықтың хабардар болуы, кедендік тоқтата тұрулар мәселелері туралы, еркін экономикалық аймақтар, тәркіленген жасанды тауарлардың жою, тауар таңба құқықтары бұзылғаны үшін тіркелген өтемақыны алу туралы сұрақтар талқыланды.
Сондай-ақ, шетелдік қонақтарға тауар таңбаларын қорғау бойынша ұсынымдар берілді, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аумағында, сондай-ақ зияткерлік меншік туралы қолданыстағы заңнамаға өзгерістерді енгізуді көздейтін Заң жобасының новеллалары айтылды. Paolo Balistrieri-ге олардың шетелде тауар таңбаларын қорғау бойынша тәжірибесімен бөлісу ұсынылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша, тараптар өткен әңгіме және өзара ой алмасқаны үшін екі жақты ризашылығын білдірді.