-A A +A

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында өткізілген дөңгелек үстел

3 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті және Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараға Сайрам ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің, Кәсіпкерлер палатасының, «ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – құқықтық көмекті және заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлік субъектілердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, бизнес-қауымдастығының кәсіпкерлердің құқықтары туралы хабардар болу дәрежесін жоғарлату және кәсіпкерліктің дамуына қолайлы ортаны жақсарту, кәсіпкерліктің дамуына кері ықпал жасайтын жүйелі кедергілер мен мәселелерді анықтау және оларды шешуге бағытталған өзара іс-шараларды қабылдау туралы мәселелер көтерілді.
Іс-шара соңында дөңгелек үстел қатысушылары кәсіпкерліктің өсуі мен дамуының институционалды негізін қалыптастыруда заң талаптарын қатаң сақтау міндеттілігін назардан шығармау керек деп шешті.
 
 
Оңтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі