-A A +A

Кәсіпкерлермен кездесу өтті

3 қараша күні Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Балжан Алипбек, Шардара аудандық әділет басқармасының басшысы Танат Ажибеков Шардара ауданының Ұзын ата ауылында орналасқан «Ұзын ата Мақта» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізді.
Іс-шараның мақсаты - «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге қатысты, оның ішінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын кеңінен түсіндіру, шағын және орта кәсіпкерлікті тіркеудің автоматтандырылған тіркеу процесстері туралы және ақпараттық-технологияның озық жетістіктерінің пайдасын кәсіпкерлердің назарына жеткізу болып табылған.
Сонымен қатар, елімізде кәсіпкерлікті дамыту мақсатында заңды тұлғаларды тіркеуге қатысты заңнамаларға енгізілген өзгерістердің заңды тұлғаларға тигізген құқықтық, әлеуметтік-экономикалық оң әсерлері туралы айтылды.
 
Оңтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі