-A A +A

Қостанайда заң жобасы мәселелерінің адвокаттар қызметі және заңды кеңесшілер бойынша негізгі ережелерін талқылау бойынша брифинг өткізілді

2017 жылдың 10 қазанында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Заң көмегі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасын талқылау бойынша өңірлік орталық коммуникациялар қызметінің аланыңда Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Ерімбетов Бауыржанмен брифинг өткізілді.
 
 
Брифинг барысында азаматтарға құқықтық көмек көрсету қызметінің сапасын жақсарту, адвокатура институтын жетілдіру, адвокаттар алқасына кіру жарналарының күшін жою, заңды кеңесшілер институтын енгізу және өзін-өзі басқару бойынша заңды кеңесшілердің палатасын құру мәселелері талқыланды.
Іс шараны қорытындылай келе бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қызықтырған сұрақтарына спикерлермен заң жобасына қатысты қанағатандырарлық жауаптар беріліді.
 
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі