-A A +A

Қостанайда кезекті Заңгерлер одағы конференциясы өткізілді

Қостанайда ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015-2017жылдар аралығындағы жұмыс қорытындылары бойынша «Қазақстан Заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестік Қостанай облыстық филиалының  кезекті  есеп беру- сайлау конференциясы өткізілді.
 
Конференция жұмысына түрлі мемлекеттік органдардың: сот және құқық қорғау органдары, нотариат, адвокатура және жеке сот орындаушылар палатасының өкілдері қатысты.
Филиалдың жұмысы туралы баяндамамен, филиалдың төрағасы, Қостанай облысының Әділет Департамент басшысы – Б.С. Ерімбетов  сөз сөйледі. Тексеру комиссиясының мүшесімен филиалдың қаржылық  көрсеткіштеру туралы баяндалды.
Филиал кеңесінің және тергеу комиссиясының жұмыс тиімділігіне  конференцияға қатысушылармен қанағаттанарлық баға беріліп, құқықтық қоғамдастықтың одан әрі даму прерспективасы  анықталды.
 
Қостанай облысы
Әділет департаменті баспасөз қызметі