Толық нұсқауға көшу
Ресми интернет-ресурс
-A A +A

Қостанайда «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік Корпорациясының қызметкерлеріне семинар өткізілді

2017 жылғы 14 наурызда Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік Корпорациясында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша бірқатар жаңа енгізілімдер туралы құжаттарды өңдеу мен қабылдау бойынша инспекторларына түсініктеме берді.
Атап айтқанда, кездесуді бастама жасағандар "Электронды Үкімет" веб-порталы арқылы бизнес субъектілерін тіркеу тәртібін қысқартуға және әкімшілік тосқауылдарды төмендетуге бағытталған 2017 жылғы 27 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң нормалары туралы айтып өтті.
Мұнан басқа, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің қызметкері жеке меншікке құқықтарды тіркеуге қатысты Заңнама ережелері түсіндіріп өтті.
Іс шараның соңында электронды түрде мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша жұмыстарды күшейту жөнінде ұсыныс білдірілді.
 
Қостанай облысы Әділет департаменті
баспасөз қызметі