-A A +A

Қостанай облысының жеке кәсіпкерлер субъектілерімен кездесу өтті

Қостанай облысы Әділет департаменті Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстаннның деңгейін жақсарту бойынша кәсіпкерлер Палатасымен қол қойдырылған меморандум шеңберінде облыс бизнес-бірлестігімен кездесу өткізді.
Күн тәртібінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды, банк шотын ашу және "Электронды Үкімет" веб-порталында қызметкерлерді сақтандыру шартын бекіту реті түсіндірілді.
Кездесу нәтижесінде қатысушылар Қостанай облысында бизнес ахуалды жақсарту бойынша әділет органдарының бизнес бірлестігімен әрі қарай бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттілігі туралы пікірлерімен алмасты.
 
Қостанай облысы
Әділет департаменті баспасөз қызметі