-A A +A

Қостанай облысында семинар өтті

Қостанай облысы Әділет департаментінің НҚА тіркеу бөлімі ағымдағы жылдың 31 шілдесінде Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ғимаратында «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 27-бабына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу мәселесі бойынша қарастырылған семинар ұйымдастырылды.
Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін түсіндіру мәселелері туралы» 2016 жылғы 24 маусымдағы № 496 ҚР Әділет министрінің бұйрығы төңірегінде, НҚА тіркеу саласының заңнамасындағы жаңашылдықтар мен өзгерістер талқыланды.
 
Қостанай облысы
Әділет департаменті баспасөз қызметі