-A A +A

Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы азаматтарды қабылдады

2017 жылдың 24 қарашасында Қостанай облысының Әділет департаментінің басшысы Б.С. Ерімбетов «Нұр Отан» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдады.
Бұл қабылдаудың мақсаты- кері байланыстың тиімді құралдары, ақпарат алу үшін сапалы арна болып табылатын құқықтық көмек және халық арасында кеңес беру жұмыстарын өткізу.
Қабылдау барысында азаматтардан жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және атқарушылық іс жүргізу саласы бойынша сұрақтар түсіп, оларға тиісті түсініктемелер берілді.
 
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі