-A A +A

Қостанай қаласының әлеуметтік жағдайы осал азаматтарына тегін заңгерлік көмек көрсету

2017 жылдың 14 ақпанында Қостанай облысының Әділет департаменті адвокаттар алқасы және Нотариаттық палатамен бірлесіп Қостанай қаласының әлеуметтік жағдайы осал азаматтарына тегін заңгерлік көмек көрсету акциясын өткізді.
Акция барысында кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ даулар бойынша сотқа талаптық арыз дайындау туралы 2 зейнеткерге және ІІ-ші топтағы мүгедекке заңгерлік көмек көрсетілді. Барлығы 15 азамат заңды білікті көмек алуға жүгінді.
Іс шара соңында жүгінген зейнеткерлер құқықтық сипаттағы мәселелердің шешілгендігіне және назар аударғандары үшін алғыс білдірді.
 
Қостанай облысының
Әділет департаменті
Баспасөз қызметі