-A A +A

Қорытындылау мақсатындағы жиналыс өткізілді

2017 жылдың 19 сәуірінде Жамбыл облысы Әділет департаментімен атқару өндірісі бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысын қарастыру және 2017 жылға арналған басым міндеттерді белгілеу мақсатында, аумақтық аудандық /қалалық/ сот актілерін орындау бойынша бөлімдерінің басшылары - аға сот орындаушыларымен бірлескен жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында департамент басшысының, департамент басшысының орынбасарының және аға сот орындаушылардың есептері тыңдалынды.
Сонымен қатар, атқару өндірісі бойынша сот орындаушылардың 2017 жылға арналған басым міндеттері белгіленді.
 
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі