-A A +A

Кезекті «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде Маңғыстау облысының әділет департаментімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы – «ХҚКО» департаменті ғимаратында кезекті «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру және азаматтарға құқықтық көмек көрсету.
  
Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту мақсатында «Қазақстан заңгерлері одағы» РҚБ МОФ-ның мүшелері – әділет органдары өкілдерінің, сот орындаушы, нотариустың қатысуымен азаматтарға жүгінген сұрақтары негізінде жылжымайтын мүлікті, АХАТ, заңды тұлғаларды тіркеу,  алимент өндіру, мұрагерлік істер және  мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының шешімдерін даулау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді.
Акцияға өздерін толғандырып жүрген сұрақтар бойынша 50-ден астам азамат қатысып, оларға құқықтық кеңестер берілді.
Сонымен қатар, акция барысында орталыққа келген азаматтарға Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту бағытында дайындалған  меншік құқығын тіркеу, медиация, даулы мәселелерді шешу  бойынша жадынамалар таратылды.
 
Маңғыстау облысының әділет департаментінің
баспасөз қызметі