-A A +A

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы бойынша баспасөзрелизі

Үкімет қаулысының жобасы 2017 жылғы 3 сәуірде Баку қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуына байланысты әзірленді.
Келісім өзара пайдалылық пен теңдік негізінде ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына құқықтарды қорғау және пайдалану саласындағы ынтымақтастықты белгілейді. Келісім авторлық құқықтар және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды қорғаумен және пайдаланумен, ақпарат, нормативтік және өзге де құжаттармен, сондай-ақ авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау саласында жұмыс тәжірибиесімен алмасумен байланысты мәселелерді реттеуге ықпал етеді.
Бұл жоба қосымша қаржылық шығыстың бөлінуін талап етпейді