-A A +A

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша ақпараттық хабарлама

Ағымдағы жылдың 9 қарашасында Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының тұсаукесері өткізілді.
Заң жобасы Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына меншік құқығын қорғауды күшейтуге бағытталған барлық заңнаманы тексеру бойынша Жолдауын орындау мақсатымен әзірленді.
Заң жобасын әзірлеуші Әділет министрлігі болып табылады. Сонымен қатар заң жобасын әзірлеуге Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Ұлттық банк, Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, нотариалдық, адвокаттық және ғылыми қауымдастықтардың, сондай-ақ саяси партиялардың өкілдері қатысты.
Тұсаукесерге Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен ғылыми қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
Өз сөзінде әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина заң жобасының негізгі бағыттарында тоқталды.
Атап айтқанда, заң жобасы түзетулердің 5 блогын қарастыратыны байқалды:
 
қарыз алушылардың банктік қарыз шарттары бойынша мүліктік құқықтарын қорғау;
мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алынатын мүліктің құнына балама өтемақы мәселелері;
мүлікті тәркілеу кезінде тұлғалардың мүліктік құқықтарын қорғау;
меншік құқығын қорғауға бағытталған басқа да мәселелер, сондай-ақ төрелік институтын жетілдіру.
Заң жобасының аса маңызды ережесі мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алынатын жер теліміне әділ өтемақы болып табылады.
Заң жобасында өтемақы сомасын мүліктің нарықтық құны бойынша есептеу немесе басқа балама жер теліміне айырбастау ұсынылады.  
Мұндай өтемақы жер теліміне құқық алу негіздерінен, яғни шартпен, сот шешімімен немесе кадастрлық құнмен белгіленген бағадан шығатын қолданыстағы өтемақы механизміне қарағанда әділ болады, бұл алып тасталған телімнің ағымдағы құнынан әлдеқайда төмен болуы мүмкін.
Банктік қарыз шарттары бойынша банктерге банк қарызын беру және қызмет көрсетуге байланысты банк шотын жүргізу үшін, сондай-ақ банк шотына қарыз есептеу үшін комиссияларды алуға тыйым салатын түзетулер қарастырылған. Сондай-ақ, ипотекалық қарыз шарттары бойынша 180 күн өткізіп алғаннан кейін есептелген сыйақыны алуға тыйым салынуда.
Сондай-ақ, банк мiндеттеменi мерзiмiнен бұрын орындау туралы талап қойған кезде кепiл берушiге кепiлдiк мүлкін дербес сату мүмкiндiгі қарастырылуда.
Бұдан басқа, заң жобасында арнайы шоттар болған кезде балаларды асырауға алименттік төлемдерге өндіріп алудың өтінішінен иммунитетті белгілеу ұсынылады.
Мүлікті тәркілеуге қатысты қылмыстық тергеу органның және соттың мүліктің қылмыстық шығу тегі туралы фактіні анықтау процесінің әр кезеңінде міндеті айқындалады.
Бұл мүлікті тәркілеуді негізсіз пайдалануды болдырмауға мүмкіндік береді.
Төрелік мекемесі бойынша дауларда бір жағынан мемлекеттік органдардың, мемлекеттік сыңайлы бөлім субъектілерінің, ал екінші жағынан шет елдік тұлғаның қатысуымен, қолданылатын құқықты таңдау мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.
Сондай-ақ төрелік тексерудің барлық рәсімдері мен ережелерінің тараптардың келісіміне, төрелік ережелеріне, ал олар болмаған жағдайда төрелік орын алған елдің заңына бағынуы көзделеді.
Бұл түзетулер «Арбитраж туралы» Заңның осы саладағы халықаралық стандарттарға одан әрі сәйкес келтіруге бағытталған.
Заң жобасымен танысқаннан кейін қатысушылар сұрақтар қойды.
Атап айтқанда, депутаттарды мемлекеттік мұқтаждықтарға жер телімдерін алып қою, оларды іс жүзінде сату кезінде өтемақы механизмінің мәселелері қызықтырды, банктік қарыз шарттарына қатысты өзгерістер бойынша сұрақтар қойылды.
Тұсаукесер барысында заң жобасының барлық ережелері әлеуметтік маңызы бар, оларды жұмыс тобының отырыстарында талқылауғы мүдделі тұлғалардың шақыруымен ерекше назар аудару керек екендігі айтылды.
 
ҚР Әділет министрлігінің
Баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02,
55-86-91