-A A +A

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңды талқылау бойынша облыс бағалаушыларымен және үкіметтік емес ұйымдармен кездесу өтті

11 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің ғимаратында бағалау қызметі туралы жаңа заңды талқылау бойынша кездесу өтті.
Кездесуге Шығыс Қазақстан облысы Бағалаушылар қауымдастығының төрағасы, басқа да облыстың бағалаушылары мен үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы бағалаушылардың кәсіби білімін және дағдыларын анықтау мақсатында жеке тұлғаларға лицензиялауды алып тастау шараларын енгізе отырып, лицензиялық рәсімдерді жеңілдету және қысқарту туралы айтып берді.
Шығыс Қазақстан облысы Бағалаушылар қауымдастығының төрағасы Қазақстан Республикасының «Өзін-өзі реттеу туралы» Заңының негізінде тапсырыс берушілер және үшінші тұлғалар алдында палатаның және оның мүшелерінің мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз ету туралы айтып өтті.
Іс-шара соңында баяндамалар талқыланып, Қазақстан Республикасының заңнамасына жаңа енгізілген өзгерістерді пайдалана отырып жұмыс сапасын жақсарту туралы шешім қабылданды.
 
ШҚО Әділет департаментінің
баспасөз қызметі