-A A +A

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы бойынша баспасөз-релизі

«Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау саласындағы ынтымақтастық және Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөнінде мемлекетаралық кеңес құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы» 
 
2017 жылы 26 мамырда Қазан қаласында жасалған Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау саласындағы ынтымақтастық және Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөнінде мемлекетаралық кеңес құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылғанына байланысты қаулы жобасы әзірленді.
Зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру саласында тараптардың ынтымақтастығын қосымша бағыттау, сондай-ақ осыған байланысты Мемлекетаралық кенестің құзыретін айқындау мақсатында хаттама 2010 жылғы 19 қарашадағы Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау саласындағы ынтымақтастық және Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөнінде мемлекетаралық кеңес құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуін көздейді.
Бұл жоба қосымша қаражаттың бөлінуін талап етпейді.