-A A +A

Қазақстан Республикасы Әділет министрі М.Б. Бекетаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

2017 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасы Әділет министрі М. Бекетаевтың Біріккен Араб Әмірліктерінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохаммед Султан Эсса Альджабер мырзамен кездесуі өтті.   
Кездесу барысында қатысушылар ҚР Әділет министрлігі мен БАӘ Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум жобасын талқылады. Сондай-ақ, М. Альджабер мырза ҚР мен БАӘ арасындағы визалық тәртіпті жеңілдету бойынша келісімнің мемлекетішілік рәсімдердің соңғы сатысында екендігін хабарлады.
Кездесудің нәтижесінде қатысушылар құқық саласында ары қарай жақын ынтымақтастықта болуға дайын екендіктерін жеткізіп, бір-біріне жұмыста жемісті болуды тіледі.