-A A +A

Қазақстан Республикасы АҚШта RICO заңына (Ұйымдасқан Қылмыс және Сыбайлас Жемқорлықпен Күресу туралы заң) сәйкес Анатолий Стати, Габриель Стати және олардың екі компаниясына қарсы сот процесін бастады

Бүгін Қазақстан Республикасы АҚШ-тың Вашингтондағы, Колумбия Округі, округтік сотқа молдовандық кәсіпкер Анатолий Стати, оның баласы Габриель Стати және олардың екі компаниясы Ascom Group S.A. мен Terra Raf Trans Traiding Ltd.-ға (бұдан әрі – Стати тарапы) қарсы азаматтық бопсалаушылық талап-арызын жолдады. Сот процесі Қазақстан Республикасына қарсы шамамен 500 млн. АҚШ долларына шығарылған халықаралық төрелік шешімге байланысты қозғалды. Талап-арыз жеке және заңды тұлғалардың бірігуі арқылы Стати тарапымен жасалған бопсалаушылықтың күрделі және ауқымды заңсыз тәсім нәтижесіндегі төлемақыны және зақымды өтеуді көздейді. Сонымен қатар, сот процесі талап-арыздың болашақ орындалуын қамтамасыз ету шараларын көздейді.
Сонымен бірге, Стати тарапының жасырын бір-бірімен байланысқан ақша аудармалары мен сұйылтылған көмірсутек газ зауыттарының бағасын алдамшы жолмен қымбаттату арқылы жалған қаржы есебін дайындауы талап-арыздың маңызды өзегі болып табылады. Бұдан басқа, қазақ мұнай-газ компанияларынан баға ұсыныстар алу үшін Стати тарапы көмірсутек газ зауыттарға жалған бағалар мен қаржы есептемелерді пайдаланды. Осы тәсіл Стати тарапымен халықаралық төрелікте зауыттардың бағасын қымбаттату мақсатында да кең қолданды. Аталған алаяқтық тәсім төрелік трибуналмен соттылық, жауапкершілік және зардап сұрақтарын қарастыруда әсерін тигізді.
Стати тарапы, сонымен қатар, арам жолмен қол жеткізген төрелік шешімді заң бойынша орындау іс-шараларын қолдауды АҚШ пен Ұлыбританияда сұрады.
Шешімді орындаудағы Стати тарапының әрекет етуі және Швециядағы төрелік шешімнің күшін жою сатысында Қазақстан Республикасы бірталай құжаттарды мәжбүрлі түрде ашуға қол жеткізді. Осы құжаттар алаяқтық тәсімді көрсетті. Өтіп жатқан ағылшын сотында Қазақстан Республикасы жаңа дәлелдерді әзірлегеннен кейін Лондон қаласының Жоғары соты 2017 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы Стати тарабы төрелік шешімге алаяқтық жолмен алғандығы жөнінде «айтарлықтай жеткілікті дәлелдер» бар екендігі және мәселенің сотта тыңдалуы жөнінде қаулы шығарды. Бұдан кейін Стати тарабы ағылшын сотының шешімі туралы хабарламай, Нью-Йорк штатының, Швеция, Голландия және Люксембург соттарына төрелік шешімді орындау үшін жүгінді.
Қазақстан Республикасы Стати тарабымен АҚШтың бопсалаушылыққа қатысты заңнамасын бұзу нәтижесінде пайда болған зақымды өтеу және алаяқтық жолмен қол жеткізген төрелік шешімді орындауға тыйым салу үшін аталған процесті қозғады
Іс №1:17cv2067 нөмірмен тіркелген. Қазақстан Республикасының мүдделерін Norton Rose Fulbright US LLP халықаралық заң фирмасының өкілі Мэтью Киртланд (Matthew H. Kirtland) білдіруде.