-A A +A

Қарағандыда адвокаттардың өзекті мәселелері талқыланды

Қарағанды облысының әділет департаментінде әділет департаменті басшысының орынбасары Н.Кенжебаеваның төрағалық етуімен заң көмегіне мұқтаж тұлғаларды босату туралы қаулылар, ұйғарымдар шығару кезінде Адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларының талаптарын сақтаудың өзекті және актуалды мәселелері, сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша семннар өткізілді.
 
 
Семинар Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының Төралқасы төрағасының және заң кеңестері меңгерушілерінің, Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің, адвокаттардың қатысуымен өткізілді.
Семинар қорытындысы бойынша адвокаттарға бюджет қаражаттарын тиімді жұмсау мақсатында төлеу Ережесінің талаптарының бұзылуына жол бермеу ұсынылды, алдын ала тергеу органдарымен бірлесіп, заң көмегін көрсету кезінде төлеу туралы қаулыларда объективті мәліметтерді көрсете отырып адвокатпен жұмсалған уақыт бойынша салыстыру жүргізу, бұдан басқа әділет департаментімен ҚР ӘҚБҚ 668-бабы «Адвокаттық заңды қызметіне кедергі келтіру» бойынша әкімшілік хаттама толтыру тәртібі түсіндірілді.
 
 
Қарағанды облысының
әділет департаментінің
баспасөз қызметі