-A A +A

Қарағанды облысының заң қызметтерінің Үйлестіру кеңесі болып өтті

2017 жылдың 12 маусымында Қарағанды облысының Әділет департаментімен әділет департаменті басшысының орынбасары Н.Кенжебаеваның төрағалық етуімен Қарағанды облысының заң қызметтерінің Үйлестіру кеңесі өткізілді.
Отырыста қалалық әкімдіктің, әділет департаментінің, сонымен қатар «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың құқықтық мониторингіне қатысты ақпараттары тыңдалды.
Іс-шара соңында қатысушылар халықты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді қалыптастыру, халыққа заң кеңестерін көрсету туралы ортақ пікірге келді.
 
Қарағанды облысының
әділет департаментінің
баспасөз қызметі