-A A +A

Қарағанды облысының әділет депртаменті адвокаттық қызмет туралы заң жобаларының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша брифинг өткізді

2017 жылдың 12 қазанында Қарағанды облысының Аймақтық коммуникациялар қызметі алаңында Қарағанды облысы Әділет департаментінің басшысы А.Н.Жусуповтың, «Юникс»адвокаттық кеңсесінің меңгерушісі О.А.Леонтьеваның, «MG partners» ЖШС заңгері Т.А.Ибраевтың қатысуымен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы», «Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегін мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша брифинг өткізілді.
 
А.Н.Жусупов өз сөзінде заң жобаларын қабылдау республика азаматтарына заң қызметінің барлық спектрін көрсетуді ұйымдастыр саласында негізді қалауға және жалпы басымдықтарды анықтауға, заң көмегін көрсету субъектілерінің кәсіби біліктілік деңгейінің көтеруге, халықтың әлеуметтік осал санаттарының, өмірлік қиын жағдайдағы тұлғаларға тегін негізде заң көмегін алуына қол жетімділігін қамтамасыз етуге, заң көмегінің сапасын арттыруға, халыққа білікті заң көмегін көрсетуді тиісінше ұйымдастыруға ықпалын тигізетінін атап өтті.
Адвокат О.А.Леонтьева және «MG partners» ЖШС заңгерлері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін үздік қорғауға бағытталған заң жобасының маңызды жақтарын атап өтті.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен келіп түскен барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
 
 
Қарағанды облысы
Әілет департаментінің
баспасөз қызметі