-A A +A

Қарағанды облысының Әділет департаментінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2017 жылғы 8 қыркүйекте Қарағанды облысының әділет департаментінің конференц-залында салтанантты түрде Қарағанды облысының Әділет департаментінің, облыс әкімдігінің, соттың, Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының, адвокаттар алқасының, нотариаттық палатасының, Жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасының, «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің, «Әділет» медиация, құқық және психология орталығы» ЖМ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
 
 
Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Рахмет Базылов өзінің кіріспе сөзінде 26 сәуірдегі Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХХҮ сессиясында берілген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмаларына сәйкес Меморандумға қол қою мақсаты - медиацияны қолдана отырып, азаматтық, отбасылық және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың, Ассамблеяның жұмысын күшейту болып табылады.
Шараны жария етуге «Пятый канал» облыстық телеарнасы, «Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда», «Карагандинские Вести» бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
 
 
Қарағанды облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі