-A A +A

Қарағанды облысының әділет департаментімен Нұра ауданында іс-шара өткізілді

2017 жылдың 9 маусымында Әділет департаментімен «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік мәліметтер базасын өзекті ету бойынша жұмыс аясында Нұра ауданының ауылдық әкімдерімен жұмыс алгоритмін түсіндіру және өзекті мәселелер бойынша кездесу өткізілді.
Шараға мемлекеттік және өкілді органдардың өкілдері, Кәсіпкерлер палатасының Нұра аудандық филиалының кәсіпкерлері қатысты.
Кездесу барысында Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілігінің жаһандандық индексінің, «Doing Business» Дүниежүзілік Банкінің «Мүлік құқығы» индикаторы бойынша көрсеткіштерін жақсарту бойынша мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар іс-шарада жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде туындайтын сұрақтарымен қатар құқықтық мониторингтің мәселелері талқыланды.
Барлық қосылған сұрақтарға толық негізді жауаптар берілді.
 
Қарағанды облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі