-A A +A

Қарағанды облысының Әділет департаменті жанындағы Мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

2017 жылы 22 қарашада Қаағанды облысының әкімдігінің ғимаратында Қарағанды облысы әділет департаменті басшысының орынбасары Н.Кенжебаеваның төрағалық етуімен Қарағанды облысы әділет департаментінің жанындағы Мемлекеттік органдарының заң қызметтерінің үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.
Үйлестіру кеңесінің отырысында «Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік басқару органдарының 2017 жылдың 9 айындағы норма шығармашылық қызметі жағдайы туралы», «Жергілікті өзін-өзі басқарудің дербес бюджетін енгізу – мемлекеттік бюджеттің төртінші деңгейі», «Қарағанды облысының Әділет департаментінің, Қарағанды облысының әкімдігінің, Қарағанды облыстық сотының, Қарағанды облысының Қазақстан халқының ассамблеясының секретариатының, Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының, Қарағанды облысының нотариаттық палатасының, Жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасының, «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің, «Әділет» медиация, құқық және психология орталығы» ЖМ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумын жүзеге асыру барысы туралы» тақырыптарда ақпараттар тыңдалды.
 
Отырыстың күн тәртібін қарау және талқылау нәтижесі бойынша үйлестіру кеңесімен мемлекеттік органдардың басшыларына: - заң қызметтерінің қызметкерлерінің санын жалпы штат санының 5%-дан кем еместігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, жаңадан тағайындалған қызметкерлердің әділет департаментінде тағылымдамадан өтуі бойынша жұмысты ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында қолдау, медиаторлар үшін әртүрлі сұхбат алаңдарын жасау және қолдау, бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру, теледидарда трансляциялау үшін ақпараттық роликтер шығару, мемлекеттік органдарда медиаторлар тізілімі, аймақта жұмыс жасайтын медиация орталықтары туралы ақпараты бар ақпараттық стендтер орналастыру, мемлекеттік органдардың ресми сайттарында қажетті ақпараттар орналастыру түрінде медиация институтын дамытуға бағытталған шаралар қабылдау ұсынылды. Облыстың жалпы білім беру мекемелерінде оқытушыларды, оқушыларды медиация негіздерін оқыту бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.
 
Қарағанды облысының
әділет департаментінің
баспасөз - қызметі