-A A +A

Қарағанды облысының Әділет департаменті республикалық «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді

2017 жылғы 24 қарашада Қарағанды облысының әділет департаменті «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалымен, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалымен бірлесіп Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетінің базасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.
Бұл акция аясында Карьера күні ұйымдастырылды, түлектер Қарағанды облысының ұйымдарымен, кәсіпорындарымен және фирмаларымен танысты, ол болашағы бар және қызықты жұмыс табуларына көмектеседі.
 
 
Акцияда Қазақстан бағалаушылар ассоциациясының Қарағанды палатасының, Қарағанды облысы бойынша сот сараптама институтының, «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» Қарағанды филиалының, Жеке сот орындаушыларының аймақты палатасының, Қарағанды облысының нотариаттық палатасының және адвокаттар алқасының, барлық нысандағы жұмыс берушілердің өкілдері қатысты.
Бұл іс-шараның мақсаты – азаматтарға білікті заң көмегін көрсету, халықтың құқықтық мәдениетін көтеру болып табылады.
Заң көмегін көрсетуден басқа әділет департаменті болашағы бар жұмысқа орналасуға мүдделі университет түлектеріне әкімшілік лауазымға бос орынға конкурсқа қатысуды ұсына отырып, департамент қызметімен таныстырды.
Қарағанды облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі