-A A +A

Қарағанды облысының Әділет департаменті құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізді

2017 жылғы 29 қарашада Қарағанды облысының әділет департаменті Қарағанды облыстық сотымен бірлесіп құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» отырысыр өткізді.
Шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, адвокаттар, Қарағанды облыстық сотының судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.
«Сотқа дейінгі тергеу кезеңінде сот бақылауын кеңейту», «Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың ерекшеліктері», «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобасы туралы» тақырыптарда баяндамалар тыңдалды.
Күн тәртібін талқылау қорытындысы бойынша ҚР Жоғарғы Сотына бірқатар ұсыныстар жолдау туралы шешім қабылданды.
 
 
 
Қарағанды облысының
әділет департаментінің
баспасөз қызметі