-A A +A

Қарағанды облысының әділет департаменті «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасын талқылау бойынша жеке тәжірибелі заңгерлермен «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді

Қарағанды облысының әділет департаменті басшы орынбасары Н.Н.Кенжебаеваның төрағалық етуімен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасын талқылау бойынша жеке тәжірибелі заңгерлермен «дөңгелек үстел» отырысын өткізді.
«Дөңгелек үстел» отырысының жұмысына «Советникъ» ЖШС, «Korgan» ЖШС, «Гранд» ЖШС, «Интерправо» ЖШС, «Контакт» ЖШС, «Moving» ЖШС, «Энерго – Плюс – Justice» ЖШС, «ELANSH» ЖШС, «Ваше Право» ЖШС, «Центр банкротства и реабилитации» ЖШС, «Юрисконсульт» ЖШС, «MG partners» ЖШС, Карипбеков ЖК, Р.А.Абилов ЖК заң фирмаларының заң кеңесшілері қатысты.
 
 
 
Н.Н.Кенжебаева өзінің баяндамасында заң жобасы өз бағыттарының бірі ретінде жеке тәжірибелі заңгерлер қызметінің заңнамалық аяда болу қажеттілігін таңдаған. Кәсіби қауымдастықтың өз күшімен заң көмегін ұсыну саласын дамытатын өзін өзі реттейтін жүйе құру болжануда. Заң көмегін көрсету субъектілері заң көмегін көрсететін, кәсіби заңгерлердің міндетті мүшелігі негізінде өзін өзі реттейтін ұйымдар – Заң кеңесшілерінің палаталарына біріктіріледі.
Талқылау нәтижесі бойынша қатысушылар аккредиттеуден өткен барлық заңгерлік фирмалардың міндетті мүшелігімен Қарағанды облысының аумағында бірыңғай Заң кеңесшілер палатасын құру қажеттілігі туралы ортық пікірге келді, оның ішінде «MG partners» ЖШС заңгерлері аз мамандықтар бойынша фирмаларды ажыратуды енгізуді сұрады.
 
 
Қарағанды облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі