-A A +A

Қарағанды облысында «Төрелік рөлі - мүліктік дауларды шешудің тиімді тәсілі» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді

2017 жылы 14.04 Қарағанды облысының әділет департаментімен облыс әкімдігінің қолдауымен орта және ірі бизнес субъектілері үшін «Төрелік рөлі - мүліктік дауларды шешудің тиімді тәсілі» тақырыбында аймақтық семинар ұйымдастырылды.
Семинарда Қазақстан Төрелік палатасы басқармасының мүшесі, Еуразиялық делдалдық талқылау орталығының Халықаралық коммерциялық төрелік сотының төрайымы, Ұлыбритания Төрешілерінің Патшалық Институтының мүшесі Айгерим Жалеловна Бралина, Қазақстан Арбитраждық палатасы басқармасының мүшесі, «Халықаралық «JusGentium» коммерциялық төрелік» ЖШС төрағасы Николай Григорьевич Хан, Қазақстан Төрелік палатасы аппаратының жетекшісі Индира Каржаубаевна Елеусизова, облыстық Кәсіпкерлер палатасының, ЖОО-ның, мемлекеттік органдардарың өкілдері, кәсіпкерлік субъектілері қатысты. Бұдан басқа әділет департаментімен қала және аудандар әкімдіктерінің ғимараттарында облыстың аудан және қалаларының кәсіпкерлерінің семинар жұмысына бейне байланыс арқылы қосылуы қамтамасыз етілді.
Қарағанды облысының әділет департаменті басшысының орынбасары Нургуль Нурпеисовна Кенжебаева өзінің кіріспе сөзінде Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Меншік құқығы» индикаторы бойынша көрсеткіштің жақсаруы 2016 жылы Елбасымен қол қойылған, мақұлданған халықаралық стандарттарға сәйкес төрелектің дамуына бағытталған ҚР «Арбитраж туралы» Заңының қабылдануымен тұстас келгенін атап өтті.
Одан әрі А.Ж.Бралина, Н.Г.Хан өздерінің «Төрелік заңнаманың заманауи стратегиялары», «Төрелік және оның Қазақстандағы дамуы» тақырыптарындағы баяндамаларында, арбитраж дегеніміз – бұл тараптар үшін өзара қолайлы жағдайларда даулы мәселелерді жылдам әрі тиімді шешу тәсілі екендігін атап өтті. Дауларды төрелік түріндегі формада сотсыз шешудің басымдықтары тараптармен арбитрларды өздігінше анықтау мүмкіндігі, талқылауды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын мәселелерді шешу бойынша тараптардың еркінің дербестігі, рәсімдердің икемділігі және ықшамдығы, сонымен қатар дауды шешудің жылдамдығы, талқылаудың құпиялылығы және арбитраждық келісімнің дербестігі, арбитраждық шешімнің тұжырымдылығы және міндеттілігі, оның мәжбүрлеп орындалуының кепілдігі болып табылады.
Көпсатылы қайталап қарауға жататын мемлекеттік соттар шешімінен айырмашылығы, төрелік шешімдер құқықтық кесімділік жағынан әлдеқайда тұрақты болып табылады.
Осылайша заң арбитражға дауларды шешудің тәуелсіз, дербес институты мәртебесін береді, олардың шешімі ешқандай жоғарғы инстанциялармен мәні бойынша айта қарауға жатпайды.
Сонымен бірге заңмен төрелік шешімдерді жаңадан ашылған жағдайлар бойынша арбитраждың өзімен қайта қарау мүмкіндігі көзделген.
Кездесудің соңында семинардың қатысушыларымен ҚР «Төрелік туралы» Заң, даулы мәслелерді шешудегі заңнаманың тиімділігін арттыруға, оңтайлы инвестициялық климатқа ықпал ететін және халықаралық аренадағы еліміздің оң бейнесін арттыруға бағытталғаны туралы қорытынды жасалды.
Осы шараны жария етуде «Қазақстан - Қарағанды», «Пятый канал», «Первый Карагандинский» телеарналары, «Карагандинские вести», «Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда» баспасөз басылымдары қатысты.
 
Қарағанды облысының
әділет департаментінің
баспасөз қызметі