-A A +A

Қарағанды облысы Әділет органдары Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылғы 16 наурызда Қарағанды облысы Әділет департаментінің басшысы А. Жусуповтың төрағалымен Әділет органдары Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Іс шараға Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты, Қарағанды облысы прокуратурасы, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының өкілдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде мемлекет пайдасына өндірілетін атқарушылық құжаттардың жеке сот орындаушылармен орындалу тиімділігі қарастырылды.
 
Қарағанды облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі