-A A +A

Қарағанды облысы Әділет департаментінде Қарағанды облысы Әділет органдары Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

2017 жылдың 16 ақпанында Қарағанды облысы Әділет департаментінің басшысы А.Н. Жусуповтың төрағалық етуімен Қарағанды облысы Әділет департаментінде Әділет органдары Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа Үйлестіру кеңесі мүшелері және Қарағанды облыстық соты, Қарағанды облысы Ішкі істер Департаменті, Қарағанды облысы Ішкі істер Департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының өкілдері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде «ҚР Әділет министрлігінің сот медицинасы орталығы» РМҚК Қарағанды филиалының азаматтық және әкімшілік істер бойынша жүргізілген сот-медициналық сараптама бойынша шыққан шығындарды қайтару кезінде қиындық тудыратын сұрақтар», «Сараптама өндірісі төлемдерін өтеу тәртібі туралы» сұрақтар қарастырылды.
Отырыстың қорытындысы бойынша, Үйлестіру кеңесінің негізгі сұрақтары қарастырылып, талқыланған мәселесі бойынша сұрақтарды шешуге жәрдемдесу бойынша қатысушыларға бірқатар ұсыныстар берілді.
 
Қарағанды облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі