-A A +A

Қарағанды облысы Әділет департаментімен «дөңгелек үстел» өткізілді

2017 жылдың 15 ақпанында Әділет департаментінде «Жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде туындайтын мәселелі сұрақтар» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.
Іс-шарада жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде туындайтын сұрақтарымен қатар құқықтық мониторингтің мәселелері талқыланды.
Іс-шараға кәсіпкерлер ассоциациясының, облыс әкімдігінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің және облыстық прокуратураның өкілдері қатысты.
 
Қарағанды облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі