-A A +A

Қарағанды облысы Әділет департаментімен борышкерлерді жұмысқа орналастыру жәрменке өткізілді

«Алимент төлемеуге қарсы 30 қадам» Жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысының әділет департаменті 2017 ж. 9 маусымында борышкерлерді жұмысқа орналастыру жәрменкесі өткізілді.
Жәрменкеге сот актілерін орындау аумақтық бөлімдерінің басшылары -аға сот орындаушылары, Қарағанды облысының жеке сот орындаушылары, халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері қатысты.
Жұмысқа орналастыру жәрмеңкесіне алимент өндіру атқару өндірістері бойынша тұрақты жұмыс орны жоқ борышкерлер қатысып, жұмысқа жолдама хаттар алды.
Әділет департаменті борышкерлерді тек әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартып қана қоймайды, сонымен қатар, тұрақты түрде борышкерлерді жұмысқа орналастыру көмегін жүргізіп, алимент қарыздарын төлеуге септігін тигізеді.
Тәжірибе көрсеткендей, борышкерлерді жұмықа орналастыру тиімді іс-шараның бірі болып табылады.
 
Қарағанды облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі