-A A +A

Қарағанды облысы әділет департаменті мемлекеттік органдармен бірлескен «дөңгелек үстел» өткізді

2017 жылғы 27 шілдеде Қарағанды облысы Әділет департаменті Мемлекет басшысының жолдауын, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 27 қадамын жүзеге асыру мақсатында жеке сот орындаушылардың сот және құқық қорғау органдары, мемлекеттік органдармен «дөңгелек үстел» өткізді.
Іс-шарада мемлекет пайдасына өндіру бойынша сот және басқа да актілердің жеке сот орындаушылармен орындалуы туралы сұрақтар қарастырылды.
«Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша, жеке сот орындаушыларға кеңес беріліп, жеке және мемлекеттік сот орындаушылармен мемлекет пайдасына өндіру санаттарының жүйелі әрі нәтижелі орындалуы үшін Қарағанды облысы соттарымен, органдарымен қызмет жасау алгоритмі құрылды.
Қарағанды облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі