-A A +A

Ильинка кентінің тұрғындарына арналған көшпелі кеңес өткізілді

Ағымдағы жылғы 16 наурызда азаматтарға тегін заң кеңес беру мақсатында, Астана қаласы Әділет департаменті Астана қаласының Нотариаттық палатасымен, Адвокаттар алқасымен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлескен Ильинка кентінің тұрғындарына арналған көшпелі кеңес өткізді.
Шара барысында тұрғындарға «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» ҚР Заңы, әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қаблеттілік индексі және Дүниежүзілік банктің «DoingBusiness» рейтингісінде Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы түсіндірме жүргізілді.
Кент тұрғындары сотқа талап арыздың дұрыс жазылуы, жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу, сенімхат беру, алиментке шағым беру жөнінде сұрақтар қойды.
Өз кезегінде, Астана қаласының нотариустары, адвокаттары мен жеке сот орындаушылары қойылған сұрақтардың әрі қарай толық шешу жолдары бойынша өздерінің заңгерлік көмегі мен кеңестерін ұсынды.
Кездесу соңында Ильинка кентінің тұрғындары іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.
 
Астана қаласы Әділет департаментінің
баспасөз қызметі