-A A +A

Халыққа заңгерлік көмек көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

2017 жылдың 05 қазанында Алматы облысы Кербұлақ аудандық Әділет басқармасы ұйымдастыруымен адвокаттардың қатысуымен халыққа заңгерлік көмек көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобасының негізгі бағыттарын талқылау.
Дөңгелек үстел барысында азаматтар үшін заң қызметінің қол жетімділігі, әлеуметтік жағынан қорғалмайтын, сонымен қатар шалғайдағы елді мекендерде тұратын халыққа көрсетілетін заң қызметтерінің сапасымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел барысында адвокаттардың ортаға салынған ой пікірлері назарға алынды.
Алматы облысы Әділет департаменті