-A A +A

«Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау туралы» Заң жобасы бойынша баяндама

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Құрметті сенаторлар!
 
Қазақстан азаматтарының шетелде құқықтық қорғауын жетілдіру туралы Елбасының тапсырмасынорындау мақсатында Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының мүшесі болуы ұсынылып отыр.
Ұйымға мүшелік Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінгі күні Ұйымғасексен бір мемлекет пен Еуропалық одақ кіреді.
Ұйымның негізігі мақсаты - халықаралық жеке құқық нормаларын біріздендіружәне мемлекеттердің қарым-қатынасына жәрдем көрсету. Бұл мақсатта Гаага конференциясы аясында отыз тоғыз конвенция жасалынған.
Қазақстанның ұйымға мүше болуы -
Біріншіден, халықаралық заң шығарушылық үдеріске тікелей қатысуға,
Екіншіден,халықаралық сарапшылардың қазақстандық азаматтық заңнаманы жетілдіруге қатысуынажәне біздің заң қоғамдастығы өкілдерінің кәсіби деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. (нотариустардың, адвокаттардың, жеке сот орындаушылар мен сот сарапшылардың)
Ұйымның негізгі органдары- Жалпы істер және саясат бойынша кеңес және Дипломатиялық өкілдер кеңесі. Бұл органдар өз шешімдерін консенсус негізінде қабылдайды. Яғни барлық қатысушы-мемлекеттердің пікірлері ескеріледі.
Ұйымға қосылу жыл сайынғы мүшелік жарнаны төлеуді көздейді (6850 Еуро). Аталған шығыстар Сыртқы істер министрлігінің тиісті бюджеттік бағдарламасында көзделген («Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға, басқа халықаралық және өзге де органдарға қатысуы»).
Гаага конференциясының Жарғысында Қазақстан Республикасы Конституциясына қайшы келетін нормалар жоқ және Жарғыны ратификациялауға құқықтық кедергілер жоқ.