-A A +A

«Халық заңгері» акциясы қорытындыланды

Шілде айының 27 күні Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Берік Дюсембинов, «Ақ Жол» ҚДП Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бүркітбай Сұлтанов, «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Александр Светаш, сонымен қатар облыстық прокуратура өкілдері, адвокаттар алқасы, аймақтық сот орындаушылар палатасы, «Қазақстан заңгерлері одағы» Шығыс Қазақстан филиалы, нотариустар және бағалаушылар қатысқан «Халық заңгері» акциясы қорытындыланды.
«Халық заңгері» акциясын өткізу барысында облыс тұрғындары көбінесе әлеуметтік мәселелер бойынша, құқық қорғау органдарының процессуалдық іс-әрекет мәселелері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кондоминимум, білім беру, жүргізілетін жол жұмыстарының сапасы мен уақтылы орындалуының және лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) байланысты сұрақтармен жүгінді.
"Халық заңгер" акциясы қорытындысы бойынша 63 азамат және заңды тұлға өкілдері тегін заңгерлік құқық көмегін алды, Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Ермек Қорабаев акцияға барлық қатысушыларға алғысын білдірді және де осындай іс-шараларды өткізу қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ іс-шараны халыққа жеткізу мақсатында облыстық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары шақыртылды.
 
ШҚО Әділет басқармасының баспасөз қызметі