-A A +A

Елордалық Әділет департаментінің алқасы

2017 жылдың 17 ақпанында Астана қаласы Әділет департаментінің басшысы М.Абиловтың төралығымен құрылымдық және аумақтық бөлім басшыларының қатысуымен 2016 жылда атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша қорытындылауға арналған алқа отырысы өткізілді.
 
Отырысты Әділет дапартаментінің басшысы Мурат Абилов ашты.
Әділет департаменті жұмыстарының 2016 жылғы қорытындысы туралы Департамент басшы орынбасарларының баяндамалары тыңдалды.
Басшының орынбасарлары Ә.М. Махат пен Н.С. Арингазинов жетекшілік ететін бағыттары бойынша жағымды және жағымсыз жақтарын көрсете отырып, атқарылған жұмыстарының қорытындысын баяндады.
Баяндамадаларда мемлекеттік қызмет сапасы мәселелеріне, атқару өндірісіне, Әділет министрлігінің Стратегиялық бағыттарына, және т.б. маңызды сұрақтарға назар аударылды.
2016 жылда атқарылған жұмысты қорыта келе ағымдағы жылға басшымен міндеттер жүктелді, нақты тапсырмалар берілді.
 
Астана қаласы Әділет департаментінің
Ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімі