-A A +A

Әділет органдарында кінәрат-қуыным жұмысын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

2017 жылдың 3 тамызында, Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті бастығының орынбасары Қожахметова Гүлнар Қалиқановна «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында әділет органдарында кінәрат-қуыным жұмысын талқылау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет стандарттарына енгізілген өзгерістер бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.
Кездесуге әкім аппаратының, мемлекеттік табыс департаментінің, «СҚО бойынша Азаматтарға арналған Үкімет Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Халыққа қызмет көрсету орталығы филиалы» Департаментінің, Кәсіби бағалаушылар палатасының, Нотариаттық палатасының, Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.
 
Кездесу барысында, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды тіркеу желісі бойынша кінәрат-қуыным жұмыс мәселелері бойынша, АХАТ және апостиль саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарына енгізілген өзгерістер бойынша, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, сондай-ақ заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу үшін жүргізілетін іс-шаралар бойынша әділет Департаментінің өкілдері сөз сөйледі.
Кездесу соңында күрделі мәселелер талқыланды және оларды шешу жолдары табылды. Жалпы, кездесу барынша нәтижелі өтті.
 
 
Солтүстік-Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызмет