-A A +A

Әділет органдары қызметiнiң мәселелерi жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті

 

Ағымдағы жылғы 28 ақпанда Әділет министрлігінде әділет органдары қызметiнiң мәселелерi жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

2016 жылдың Қоғамдық кеңестің жұмысын қорытындылау Қоғамдық кеңестің Төралқа мүшелерінің қатысуымен өтті.

Бірінші мәселені қарастыру барысында баяндамамен Қоғамдық кеңестің төрағасы О.И. Жұмабеков сөз сөйледі ол Ұлт жоспары –100 нақты қадамын және одан шыққан 2015 жылғы 2 қарашада «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңын жүзеге асыру аясында 2016 жылғы ақпанда Әділет министрлігінде әділет органдары қызметiнiң мәселелерi жөніндегі қоғамдық кеңес құрылғанын атап өтті.

Оның құрамына Әділет министрлігінің жұмысын жақсы білетін әр-түрлі қызмет салаларының өкілдері кірді.

Жалпы 2016 жылы Әділет органдары қызметiнiң мәселелерi жөніндегі Қоғамдық кеңеспен көлемді жұмыс атқарылды, Қоғамдық кеңестің 7 отырысы ұйымдастырылды және өткізілді, оларда әділет органдарының қызметіне қатысты 22 мәселе қарастырылды.

Мәселелерді қарастырудың қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар берілді.

Мысалы, нотариустар мен адвокаттардың іс-әрекетіне жеке және заңды тұлғалардың шағымын қарастыру бойынша талдауды талқылау кезінде Әділет министрлігіне Республикалық адвокаттар алқасымен бірлесіп адвокаттар алқасына кіру үшін енгізілетін мүшелік жарнаны алып тастау ұсынылған.

Осыған байланысты Әділет министрлігімен адвокаттар алқасына кіру үшін енгізілетін мүшелік жарнаны төлеу бөлігінде қолданыстағы заңнамаға талдау жасалды.

Осылайша, «Адвокаттық қызмет туралы» Заңымен адвокаттар алқасының алғашқы нысаналы төлемдерді алуға және осы төлемдердің ставкаларын Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген айлық есептік көрсеткішке тең мөлшерде бекіту міндеті көрсетілген.

Сонымен қатар, адвокаттар алқасымен жоғарыда аталған заңнаманың жүктілігі және тууы бойынша не бала үш жасқа толғанға дейін оны күтіп-бағу бойынша демалыста болған кезеңінде адвокаттарды ай сайын мүшелік жарнаны төлеуден босату бойынша нормасы орындалуда.

Төленіп жатқан жарналар тек адвокаттар алқасының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасын бекітуге жұмсалады, яғни адвокаттардың заңнамалық кеңес беру үшін жеке ғимарат сатып алуға.

Алайда, бігінгі күнге дейін түсіп жатқан қаражаттардың жеткіліксіздігіне байланысты адвокаттарды заңнамалық кеңес беру үшін ғимараттармен қамтамасыз ету мәселесі орын алып тұр.

Осыған байланысты адвокаттар алқасының алғашқы нысаналы төлемдерді алу құқығы өздерінде қалды.

Бұдан басқа, «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының талаптарына сәйкес Әділет министрлігімен әзірленген 43 нормативтік құқықтық актілер қарастырылып бірауыздан мақұлданды.

Өз сөзінің қорытындысында Қоғамдық кеңестің төрағасы
О.И. Жұмабеков Қоғамдық кеңестер бір жыл бұрын ғана құрылды, осыған байланысты өткен жыл олардың қалыптасу жылы болғанын атап өтті.

Өткен жылы атқарылған жұмыс белгілі бір тәжірибе жинауға мүмкіндік берді, сонымен қатар Қоғамдық кеңестердің сәтті қызметі оның мүшелерінің белсенділігіне байланысты.

Осыған байланысты, Қоғамдық кеңестің мүшілерімен Қоғамдық кеңестердің қызметін жандандыру және оның әлеуетін толық қолдану ұсынылды.

Сондай-ақ Қоғамдық кеңестің отырысы барысында Әділетминінің Зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі апелляциялық кеңесінің 2016 жылғы жұмысының қорытындысы талқыланды.

2016 жылы Апелляциялық кеңестің 20 отырысы өтті оларда тіркеу органына қатысты 178 қарсылық қарастырылды («ҰЗМИ» РМК, ӘМ).

Қарсылықтардың басым бөлігі тауар таңбаларының тіркеуіне байланысты (96%).

Қарсылықтарды қарау нәтижесі бойынша 64,5 % қанағаттандырылды, 31,5% қанағаттандырудан бас тартылды, 4% құзыреттің жоқтығына байланысты қараусыз қалдырылды.

Қарсылықтарды қанағаттандыру үлесін бұдан әрі төмендету мақсатында тұрақты негізде «ҰЗМИ» РМК-ның сарапшыларының біліктілік деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

2015 жылы Апелляциялық кеңестің жұмысын ұйымдастыруға патенттік сенім білдірушілермен қолдау тапқан едәуір өзгерістер енгізілді.

Бұдан басқа, өткен жылы әзірленген зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Заң жобасы аясында Апелляциялық кеңестің жосықсыз бәсекелестік бойынша қарсылықтарды қарастыру бөлігінде құзыреттілігін кеңейту туралы мәселені бәсекелестік саласындағы құзыретті органның қатысуымен қарастыру ұсынылып отыр.

Мәселелерді қарастыру нәтижесі бойынша Қоғамдық кеңестің мүшелерімен тиісті ұсыныстар берілді.