-A A +A

Әділет министрлігінің орынбасары ЭКСПО-2017 аясында Гамбия Республикасының Ұлттық күнінде сөз сөйледі

Ағымдағы жылдың 1 тамызында Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің алаңында Гамбия Республикасының Ұлттық күні өтті. Ұлттық күн салтанатты қарсы алу рәсімі мен Қазақстан Республикасы мен Гамбия Республикасының туларының көтерілуімен және ұлттық әнұранының орындалуымен, сондай-ақ, делегация басшыларының құттықтау сөзімен басталды.
  
 
Өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Э. Әзімова Қазақстан мен Гамбия мемлекеттерін Ислам Ынтымақтастық Ұйымы аясында достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті.
Аталған мерекелік шарада Гамбия Республикасының делегациясын сауда министрі – Турей Исату бастады. Ол Гамбия үкіметінің қазіргі таңда құрамында төрт әйел бар 19 министрлердің бірі болып табылады.
Исату Турей өз құттықтау сөзінде Адам Барроу басқарып отырған Гамбия Үкіметі үшін ұлттық экономикада энергетика саласы басты мақсаттардың бірі болып табылатынын атап өтті.
Өз кезегінде Гамбия Республикасының сауда Министрі халықаралық көрмеге қатысуға шақырғаны үшін алғысын айтып, Қазақстан мен Гамбия арасында болашақтағы жемісті ынтымақ қарым-қатынасқа сенімін білдірді.
Сонымен қатар, ресми бағдарламадан кейін делегация мүшелері Гамбия және Қазақстан павильондарына барып, Гамбия делегациясының басшысы құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.