-A A +A

Әділет министрлігінде бірінші жарты жылдық жұмыс нәтижелерін қорытындылады

Әділет министрлігінде алқа отырысы өткізілді. Отырыс қатысушылары Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды іске асыру бойынша қолданатын іс-шараларды талқылады, сондай-ақ ведомствоның бірінші жарты жылдық жұмыс нәтижелерін қорытындылады.

Атап айтқанда, сот актілерін орындау, нормативтік құқықтық актілерін тіркеу, мемлекеттік қызметтердің мониторингі және азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі мәселелері талқыланды.

Алқа соңында Әділет министрі Марат Бекетаев департаменттердің және аумақтық бөлімшелердің басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.