-A A +A

Әділет министрінің орынбасары Э. Әзімова Француз Республикасының Жоғарғы нотариаттық кеңесінің президенті Дидье Куафармен кездесті

Ағымдағы жылдың 12 шілдесінде Әділет министрлігінің ғимаратында Әділет министрінің орынбасары Э. Әзімованың Француз Республикасының Жоғарғы нотариаттық кеңесінің президенті Дидье Куафар басқарған халықаралық қауымдастық және ЭКСПО  - 2017 бірлескен жобасын өткізу мәселелері бойынша француз делегациясымен кездесуі өтті.
Кездесуге Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің, «Заң шығару институтының»  және нотариат қауымдастығының өкілдері қатысты.
Кездесудің мақсаты қазақстандық нотариатты жетілдіру және дамыту мәселесін, сонымен қатар, ЭКСПО аясында «Тұрақты даму және нотариат» тақырыбында  халықаралық форумды өткізуді талқылау.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасында, сондай-ақ Францияда нотариатты дамыту жөнінде пікір таластар  болды. Нотариат қызметі саласындағы өзекті мәселелер, электрондық архивті енгізу және тағы да басқа   мәселелер қарастырылды.
Тараптар нотариатты дамыту мақсатында өзара қарым қатынасты күшейту қажеттігі туралы бір шешімге келді.
 
ҚР Әділет министрлігінің
Баспасөз қызметі