-A A +A

Әділет министрі М.Бекетаевтың «Ел президентінің заң деңгейінде бекітілген өкілеттіктерін қайта бөлу туралы» мақаласы

Қазақстанның 2050 жылға қарай дүние жүзінің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жөніндегі Мемлекет басшысы белгілеген биік мақсаттарға жету тек ұлттық құқық жүйесіне және қоғамның басқа да маңызды институттарына ғана емес, мемлекеттік құ­рылысқа да, биліктің теңдестірілген тар­мақ­тары арқылы басқарудың заманауи ны­санының болуы мәселелерінде дамыған ел­де­р­мен тепе-теңдікті сақтауға да жоғары та­лаптар қояды.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық ре­ферендумда қабылданған Қазақстан Рес­пуб­ликасының қолданыстағы Конституциясы де­мократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеу­меттік мемлекет құру мақсатын, оның жұ­мыс істеуінің негізгі қағидаттарын ор­нық­т­ырды, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бос­тан­дықтары. Өткен кезең ішінде елі­міз не­гізгі әлеуметтік-экономикалық жә­не сая­си реформаларды ойдағыдай жүр­гіз­ді, ха­лық­ара­лық қоғамдастықтың толық құ­қық­ты мү­ше­сіне айналды.
Мемлекет басшысы өзінің үндеуінде «Бү­гінде әлем көз алдымызда өзгеріп жа­тыр. Қоғамдық процестердің жеделдігі мен күрделілігі Қазақстанда да үдеп келе­ді. Болашақ тарих біздің алдымызға сөз­сіз қоятын жаһандық және өңірлік қыр көр­сетулерге қалай ден қою керектігін біз бү­гін­нен бастап ойлауға тиіспіз», деп атап өтті.
Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар өзгерді. Бұл өзгерістер әлемдік экономикада, сол сияқты отандық экономикада байқалуда. Мысалы, тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан­ның долларлық мәндегі ішкі жалпы өнімі — 20 есе, орташа жалақы 17 есе өсті.
Әлеуметтік салаға шығыстар ішкі жал­пы өнімнің 6 %-нан 10%-ға дейін артты. Қазақстан­дық­тардың орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жас­қа дейін ұзарды. 100 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй берілді.
Қазақстан 2007 жылдан бастап индекс­те­летін ДЭФ Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік рей­тингін­де біз өз жағдайымызды 61-пози­ция­д­ан (2007 жылы) 53-позицияға дейін (2016 жылға қарай) жақсартып алдық.
Doinq Business рейтингінде Қазақстан 2007 жыл­дан бастап өз жағдайын 59-позициядан 35-позицияға дейін жақсартты.
Мұның өзі біздің жаңа экономикалық жағдайда өмір сүріп жатқанымызды дәлелдейді. Мұндай жағдайда, Үкіметтің ал­дын­да ағымдағы мәселелерді жедел ше­шу міндеті тұр. Үкіметте бұл үшін қа­жетті дербестік және елде өзгеріп жатқан әлеу­мет­тік-экономикалық жағдайға ден қою мүм­кін­дігі болуға тиіс.
Осыған байланысты «Нұр Отан» пар­тия­сының ХVI съезінде Мемлекет басшысы бел­гілеп берген 5 реформа қоғамның барлық қо­ғамдық институттарын құрылымдық жа­ғы­нан жаңғыртуды тереңдетіп, сол арқылы ал­да тұрған мақсатқа жақындай түсуге ба­ғытталған.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қар­саңында Елбасы еліміз бен халқымыз үшін өмірлік маңызы бар мемлекеттілікті одан әрі дамыту – Парламентті күшейтіп, Үкі­меттің есептілігі мен дербестігін кеңейту ке­зеңін белгіледі.
Мемлекет басшысының өкімімен құ­рыл­ған Мемлекеттік билік тармақтары ара­сын­дағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жө­нін­дегі жұмыс тобы жұмысының нәтижелері бойынша Н.Ә.Назарбаев 2017 жылғы 25 қаң­тарда Қазақстан халқына арнайы үндеу жасады, онда мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлудің негізгі бағыттарын айқындап берді.
Біріншіден, бұл Конституцияда бел­гі­ленген өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі. Ұсынылып отырған түзетулер ресми БАҚ-та бұ­рын жарияланған және олармен барлығы та­ныса алады және өз ұсыныстарын бере ала­ды.
Екіншіден, бұл Республика Президентінің заңда белгіленген әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу бойынша және Республика Президентінің Мемлекет басшысы ретіндегі конституциялық мәртебесін қозғамайтын өкі­леттіктерін төменгі деңгейге беру мәсе­ле­лері.
Республика Президенті Үкіметке тиісті заң жобасын әзірлеуді және Парламенттің ағым­дағы сессиясының соңына дейін оны қабылдау үшін Парламенттің басым жос­па­ры­на енгізуді тапсырды.
Әділет министрлігі қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп осын­дай заң жобасын әзірлеуде.
Бүгінде Мемлекет басшысы ретін­де­гі мәртебесін айқындайтын және Кон­сти­туцияда көзделген Республика Пре­зи­дентінің өкілеттіктерімен қатар, әдетте, ат­қа­ру­шы билік тармағына тән мемлекеттік басқару саласына жататын заңнамалы түрде белгіленген көптеген ұйымдастырушылық-құқықтық және басқарушылық өкілеттіктер бар.
Осыған байланысты ел Президентінің бір­қа­тар басқарушылық өкілеттіктері мемлекет пен қоғамға қауіп төндірмей басқарудың төмен тұрған деңгейіне берілуі және Үкімет пен өзге де атқарушы органдардың арасында қайта бөлінуі мүмкін.
Нәтижесінде, жұмыс тобы Мемлекет бас­шысының Үкімет пен кейбір атқарушы органдарға берілуі мүмкін өкілеттіктерінің қайта бөлінуі бойынша 40 шақты ұсыныс әзірледі.
Мысалы, Үкіметтің құзыретіне берілуі мүм­кін экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік қызмет саласындағы Мем­ле­кет басшысының ұйымдастырушылық-құ­қықтық өкілеттіктерін қайта бөлуге ба­ғытталған түзетулердің тұтас кешені әзір­ленді. Бұл:
мемлекеттік-жекешелік әріптестік мақ­саттары үшін берілуге жатпайтын объекті­лердің тізбесін қалыптастыру;
оларды ынталандыру мақсатында эко­но­миканың басым секторларын айқындау;
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жә­не қайырымдылықты дамытуға елеулі үлес қосқан бизнес субъектілері үшін құр­мет­ті атақтар тағайындау тәртібін бекіту;
Республикалық бюджет комиссиясын құру (РБК);
РБК ережесі мен құрамын бекіту;
мемлекеттік жоспарлау жүйесін және кейбір басқа да жүйелерін айқындау жөніндегі функциялар.
Бұл Үкіметке өзіне жүктелген функция­лар­ды тиімді түрде жүзеге асыруға және сол арқылы оның жауапкершілігін арттыра оты­рып, ұлттық экономика секторын тікелей реттеуге мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушылық-өкімдік сипатқа ие жекелеген өкілеттіктер бар. Мысалы, мемлекеттік кәсіпорындар құру;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мемлекеттік сатып алу рәсімдерінен тыс жүргізілетін тұлғаны айқындау;
мерекелік күндер тізбесін және мем­ле­кет­тік орган туралы үлгі ережені бекіту жә­не т.б.
Мемлекет басшысының бірқатар өкі­лет­тіктері, жұмыс тобының пікірі бойынша, Пре­зи­дент Әкімшілігінің келісімімен Үкіметтің құ­зыретіне берілуі мүмкін. Бұл Мемлекет бас­шысының елдің сыртқы және ішкі сая­сатында, ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеттілігінде негізгі басымдықтарды ай­қын­дау бойынша функциясын сақтаумен бай­ланысты. Жұмыс тобы осындайлардың қа­тарына:
— мемлекеттік органдарға, шетелдік мекеме­лерге және өзге де ұйымдарға лауа­зым­ды адамдарды іссапарға жіберу тәртібін ай­қындауды;
— мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін бекітуді;
— мемлекеттік қызметшілерге бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету тәртібі мен шарттарын айқындауды;
— «Б» корпусындағы әкімшілік мем­ле­кеттік қызметшілердің лауазымдық айлық­ақыла­рына үстеме белгілеуді;
— мемлекеттік қызметшілердің жұмыс өті­лін есептеу тәртібін айқындауды;
— Қазақстанның әуе кеңістігін бұзушы әуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидаларын бекітуді;
— қорғалатын мемлекеттік объектілердің тізбесін айқындауды;
— жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді бел­гілі бір мерзімге тоқтата тұруды;
— сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыр­т­-
қы талдау тәртібін айқындауды жатқызады.
Жұмыс тобы мүшелерінің мынадай:
— арнайы экономикалық аймақтарды құ­ру және жою (АЭА), АЭА шекарасын жә­не қолданыс мерзімін айқындау, АЭА қызметінің түрлерін, АЭА туралы ере­же­ні, АЭА жұмыс істеуінің нысаналы инди­ка­тор­ла­рын және оларға қол жеткізе ал­маудың ең тө­мен деңгейлерін бекіту;
— мемлекеттік жоспарлау саласындағы құқықтық актілердің түрлерін және оларды әзірлеу тәртібін айқындау;
— «Инновациялық технологиялар паркі» инно­вациялық кластерінің Қамқоршылық кеңесін құру, ол туралы ереже мен оның құрамын бекіту;
— астананың сәулет кеңесін құру, оның дер­бес құрамы мен ережесін бекіту;
— судьяларға куәліктер беру тәртібін айқындау;
— арнайы валюталық режімді енгізу;
— республикалық бюджет жобасын әзір­леу тәртібін, республикалық бюджеттің ат­қа­рылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін бекіту;
— стратегиялық жоспарды іске асыру тура­лы есепті жасау және ұсыну тәртібін бекіту сияқ­ты арнайы және салалық функцияларды Үкі­мет пен жекелеген орталық мемлекеттік органдар деңгейіне жатқызу мақсатқа лайық екендігі туралы пікірлері бірдей болғанын атап өту керек.
Функцияларды осылай ауқымды түр­де қайта қарау тұтастай Үкіметтің жә­не оның мүшелерінің жеке алғандағы жауап­кер­ші­лігін арттыру мәселесін басты назарға алу­ға себепші болады. Осылайша Қазақстан Рес­пуб­ликасының Үкіметі жұмыс істейтін жаңа нақ­ты ахуал туындайды.
Бұл Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев­тың арнайы үндеуінде айқындалған бәсеке­ге қабілетті ұлттық экономиканы қалып­тас­ты­ру­да және дамытуда мемлекеттік саясаттың қисынды жалғасы болып табылады.