-A A +A

Әділет министрі М.Бекетаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер әділет министрлерінің бесінші кеңесіне қатысты

2017 жылғы 20 қазанда Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасы Әділет министрі М.Бекетаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Әділет министрлерінің бесінші кеңесіне қатысты.
Кеңес Өзбекстан Республикасы Әділет министрі Р.К. Давлетовтың төрағалығымен өтті.
Іс-шараға Үндістан Республикасының мемлекеттік құқық және әділет министрі Чаудхари П.П., Қытай Халық Республикасы Әділет министрінің орынбасары Лю Чжицян, Қырғыз Республикасының Әділет министрі Ахметов У.Т., Пәкiстан Ислам Республикасының құқық және әділет министрі Захид Хамид, Ресей Федерациясының Әділет министрі Коновалов А.В., Тәжікстан Республикасының Әділет министрі Шохмурод Р. қатысты
Сондай-ақ Кеңеске ШЫҰ бақылаушы мемлекеттерден Ауғанстан Ислам Республикасының Әділет министрі Хайдари А., Беларусь Республикасының Әділет министрі Слижевский О.Л., Иран Ислам Республикасының Әділет министрінің орынбасары Аббаси М., ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Имандосов С.А. және ШЫҰ АТҚҚ Атқарушы комитеті директорының орынбасарлары Мукашев А.Г. және Турдиматов А.Б.қатысты.
Достастық шеңберінде Министрлер азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша, заң қызметін көрсету саласын бұдан әрі дамытудың перспективалары туралы (нотариат, адвокатура, азаматтық хал актілерді тіркеу), сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін жетілдіру мәселелерін талқылады.
Кеңес барысында Қазақстан Республикасының Әділет министрі көпжақты және екіжақты нысанда осы мәселелер бойынша ынтымақтастыққа және диалогқа дайындығы туралы мәлімдеді.
Кеңестің қорытындысы бойынша Министрлер Бірлескен мәлімдемеге қол қойды және ШЫҰ мүше мемлекеттердің Әділет министрлерінің сот-сараптама қызметі бойынша сарапшылардың жұмыс тобының және заң қызметі бойынша сарапшылардың жұмыс тобының регламенттерін бекітті.
 
 
Әділет министрлігінің Баспасөз қызметі