-A A +A

Әділет министрі М.Б. Бекетаев заң үстемдігі мәселелері бойынша Орталық Азия және Еуропа Одағының әділет министрлерінің бесінші конференциясына қатысты

2017 жылғы 7 желтоқсанда заң үстемдігі мәселелері бойынша Орталық Азия және Еуропа Одағының әділет министрлерінің бесінші конференциясы өтті.
Іс-шараға Эстония, Франция, Германия, Түркменстан, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы әділет министрлері және басқа да тұлғалар қатысты.
Конференция барысында Қазақстан Республикасының Әділет министрі М.Б. Бекетаев сот төрелігіне қол жеткізуді күшейту бойынша заңнамалық шараларды жетілдіру туралы бандамамен сөз сөйледі.
Сонымен бірге, конференция бағдарламасының аясында заң үстемдігі мәселелері бойынша Орталық Азия мен Еуропалық Одақ елдеріндегі әділеттілікке қол жеткізу саласындағы соңғы жетістіктерді, атап айтқанда, дауларды шешудің баламалы механизмдерін талданды.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Әділет министрі М.Б. Бекетаев Қазақстандағы «Адвокаттық және құқықтық көмек туралы» заң жобасының негізгі ережелерін түсіндірді, онда құқық қорғау институттарын жетілдіру және насихаттау саласында туындаған мәселелерді және адвокаттық қызмет саласындағы мәселелерді жою үшін шешімдер ұсынылды.
Іс-шара барысында сот төрелігі жүйесінде институционалдық қайта құрылуы және әділеттілікке қолжетімділікті күшейту үшін реформалардың қажеттілігін түсінуін тиімді талқыланды.