-A A +A

Әділет министрі ірі заңгерлер одағымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Ағымдағы жылғы 9 желтоқсанда Әділет министрлігі мен «Қазақстандық заңгерлер одағы» РҚБ арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев және «Қазақстандық заңгерлер одағы» РҚБ-ның төрағасы Рахмет Мұқашев қатысты.
Меморандум шеңберінде тараптар Ұлт жоспарын іске асыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасын, бағдарламаларды, жобаларды және құқық мәдениетін арттыруға бағытталған өзге де құжаттарды дамыту және жетілдіру, сондай-ақ қабылданған заңнамалық актілерді түсіндіру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу барысында күшті біріктіру туралы келісті.
Іс-шараның қортындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев Меморандум бірлескен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретіндігін және алға қойған мақсаттарды тиімді іске асыруға ықпал ететіндігін атап өтті.
Әділет министрлігінің баспасөз қызметі