-A A +A

Бірлескен Меморандумға қол қойылды

Қыркүйек айының 8 күні Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен өзара ынтымақтастық туралы Әділет департаменті, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат бөлімі және Шығыс Қазақстан облысы Адвокаттар алқасының, Шығыс Қазақстан облысы Нотариаттық палатасының, сонымен қоса «Альтернатива» құқық және медиацияның Шығыс Қазақстан орталығы» басшылары арасында алты жақты меморандумға қол қойылды.
Осы Меморандумның негізгі мақсаты болып халықтың құқықтық мәдениетін нығайту, тұрақты негізде насихаттау жөніндегі жұмыстар өткізу, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингісінде ұстанымын жақсарту, сонымен қоса Қазақстан Республикасын дамыған отыз елдің қатарына кіруін қамтамасыз ету, бірлескен және келісілген іс-әрекеттерді жүзеге асыру жолымен заңды және медиативтік қызметтер қалыптастыру бойынша Қазақстан Республикасында ашықтық және тиімділік құрылымдық принциптерін жүзеге асыру болып табылады.
Меморандумға қол қою рәсімінде тараптардың бірінші басшылары қатысты.
Іс-шараның соңында Әділет департаменті басшысы Ерлан Дауылбаев кездесуге қатысушыларға алғыс айтты.
 
ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі